Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 12:24

Түркістан: Дертке шалдыққандар тиісті ем қабылдауда

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 43-ке жетті,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Арыс қаласы, Наурыз ауылының  1965 ж. туған азаматша, 1987 ж., 1989 ж., 1998 ж., 2004 ж.,  2010 ж. туған бір отбасының мүшелері және 

Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылының 1987 ж.тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған.

Жалпы, облыс көлемінде Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда өңіріздің  14 елді-мекенінде  33 блокпост жасақталған.  Сақтық шаралары жіті бақылауда. Залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан қаласы бойынша еліміздегі төтенше жағдайды ескермеген 43 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылып, сотқа өткізілді. Оның  39-сіне айыппұл салынып, 4 тұлға қамауға алынды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 510 рет