Осыған орай, Ордабасы аудандық «Халық банк» және «Қазпошта» АҚ филиалдарында тиісті қызмет түрлерін алуға келген тұрғындар арасында қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы сызылған сызба бойымен кезекке тұру арқылы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, тұрғындардың денсаулығына қамқорлық таныту бағытында бетпердесіз келген азаматтарға аудан әкімдігі тарапынан тегін бетперделер беріліп, төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге көлемінде берілетін жәрдемақыны алуға үйден шықпай ақ, өтініш тастау бойынша жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ кейбір аудандарда, соның ішінде, Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған 4,3 мыңнан астам банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен 600-ден астам инкассалық өкімдер кері қайтарылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.