Тәуекелдің бірінші тобына өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 27 қызметкер енді. Екінші санат қауіптілігіндегі дәрігерлер мен фельдшерлерге, яғни, 337 медицина мамандарына үстемақы төленді. Үшінші топқа 1630 қызметкері еніп отыр. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерін қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші буын медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері және жедел-жәрдем жүргізушілері.
Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері әрі облыстың бас инфекционист - дәрігері Бақтығали Ережепов қиын сәтте тапжылмай індетпен күресіп жүрген ұжымдағы әр қызметкердің ерлігін және табандылығын ерекше бағалайтындығын айтуда.
«Қазығұрт ауданының медицина қызметкерлеріне бөлінген барлық дәрігерлер мен орта және кіші буын қызметкерлеріміз үстемақыларын алып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес беріліп жатқан бұл қаржылай көмек және ынталандыру сала мамандарына үлкен қолдау болды», - дейді облыстағы әр науқасты өзі жеке бақылап, дәрігерлік ем көрсетіп қана қоймай, жылы сөзімен үміт сыйлап жүрген жоғары білікті инфекционист-дәрігер Бақтығали Аюбайұлы.
Аталған ауруханаға қарасты провизорлық госпитальдың дәрігері Бақыт Ақынғазиева 2 санат бойынша 425 мың теңге үстемақы алды. Асыл жар, 4 баланың анасы қарусыз майданда адам өмірін арашалап жүрген ақ желеңді абзал жан бір айға жуық уақыт жақын туыстарын көрмеген. Өз кәсіби қызметін басты міндет санайтын ақ желекті абзал жан барлық әріптестерінің атынан алғысын білдіреді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.