Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 ж. тұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 ж. тұрғыны, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 ж. тұрғынында коронавирус инфекциясы расталды. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.
Сонай-ақ, қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,Кентауда - 5, Ордабасы- 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.
Айта кету керек,анықталған барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. COVID-19 вирусын жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Анықталғандарға бірден оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.