Жексенбі, 05 Сәуір 2020 01:18

Шымкентте 200 орындық жедел госпиталь салынады

Шымкент қаласы бойынша керекті төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Сондай-ақ, бүгінде 200 төсек-орындық жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу мәселесі қарастырылуда.

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді. «Бізде қосымша тағы да 200 модульді инфекциялық стационар құрылысын жүргізу жоспарлануда. Барлық медициналық ұйымдарда екі айлық дәрі-дәрмекпен, қорғаныш заттарының бәрімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр» - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.

Нақтырақ айтқанда, қалада барлығы 680 төсек орынға арналған провизорлық стационарлар, 1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Ал, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен тіркелген 3-ші азаматпен байланыста болған 207 тұлға анықталған. Оның ішінде 81 адам жақын байланыста болғандығы мәлім болды. Қазіргі таңда олардың барлығы карантинге алынды. Жағдайлары қанағаттанарлық, ешқандай шағым жоқ деді Айгүл Жақыпқызы.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 583 рет