Тұрғын аудан аумағындағы тротуарларды, жолдарды, және оларға іргелес адам көп шоғырланатын нысандар, жол қиылыстары, сауда алаңдарының (азық-түлік дүкендерінің) учаскелері кестеге сәйкес залалсыздандырылуда. Аталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, төтенше жағдайға байланысты, Арыс қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавирус індетінің алдын мақсатында шектеулер енгізілді. Осыған байланысты барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады. Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады. Азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарын, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат қағазымен ғана рұқсат беріледі. Жеке тұлғалар, автокөлік жүргізушілері жеке қорғану құралдарын пайдалануға міндетті. Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына баруына тыйым салынады. Карантин режимін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.