Жексенбі, 05 Сәуір 2020 07:26

Коронавирусты анықтайтын сынама тесттер Шымкентке де жетті

Оны алғашқылардың бірі болып, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/11 тергеу изоляторы бастады. Ондағы мақсат індеттің таралуына жол бермеу болатын.

Өткен аптада Қазақстанға Қытайдан коронавирусты анықтайтын сынама тесттердің 60 мың данасы жеткізілді. Тағы 150 мыңы әкелінеді деген жоспар бар. Дәл осы сынаманы алғашқылардың бірі болып ИЧ-167/11 тергеу изоляторы қолдануды бастады. «Сынама уақытша изоляторға алғаш рет түскендерге жасалып жатыр. Себебі, олар сырттан келген. Тест алып болғаннан кейін, оларды 15 күнге карантинге жатқызады. Ал сынаманың нәтижесі 24 сағатта шығады» - дейді Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/11тергеу изоляторының бастығы Ермек Жалғасбаев.

Аталмыш мекеме қазіргі төтенше жағдай режимі мен санитарлық талаптарды қатаң орындауда. Мұнда келген әрбір азаматтың дене қызуын өлшеп, бетпердеде болуын талап етіп отыр. Ал, жазасын өтеушілер мен оларға келетін азаматтарды қашықтықтан байланысуына толық жағдай жасаған.Айта кетейік, аталмыш сынаманың дәл осы изолятордан басталуына Шымкент қалалық прокуратурасы мен жергілікті әкімдік қолқабыс еткен.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 620 рет