- Бірінші мақсат - олардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенін анықтау, ТЖ режимінде қызметкерлердің қалай жұмыс істейтінін білу және ең бастысы – осы қиын уақытта дәрігерлерді қолдау. Мысалы, №5 емханада жұмыс сауатты жасалған. Барлық процестер автоматизацияланған. №6 және №7 емханаларда аздаған кемшiлiктер бар, бірақ оларды оңай шешуге болады.
Мен бүгін 24/7 режимінде жұмыс істейтін дәрігерлердiң оптимизм сақтайтынына көз жеткіздім. Ал бүгін олар қазiргi күннің нағыз қаһармандары. Олар бірінші болып соққы алады. Өздеріне қауiп төнiп тұрса да, олар күндіз және түнде қауіпті жаумен күреседі. Олар бізді қауіптен қорғау үшін туыстарын да көрмейді. Мен қаламыздың барлық тұрғындарының атынан оларға "Рахмет!» айтамын, - деді әкім өз жазбасында.
Шаһар басшысы қала тұрғындарына сақтық шараларын барынша күшейтуді, сондай-ақ тазалық пен ұқыптылыққа ерекше мән беріп, үйде болуға шақырды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»