Тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен, 5 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқастың жағдайы қалыпты. Қазіргі таңда қажет қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, 3 А үй карантинге жабылды. Науқаспен байланыста болған 7 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері). Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.
Айта кетсек, кеше Шымкент қаласының аумағынан өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен де коронавирус анықталған болатын. Ол - Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің 1964 жылғы тұрғыны. Науқас 3 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жатқызылған. Ал транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»