Науқас 3 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Мәскеу-Алматы бағытында жол жүріп бара жатқанда жағдайы нашар болғандықтан жедел жәрдем блок-посттан бірден алып кеткен. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылған.
Сонымен қатар республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілді. Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан бұл азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Науқастың қосалқы қант диабеті, артериалды гипертензия дерттері болған Сондай-ақ бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды. Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді. Ал транзиттік көлікте науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»