Еске сала кетейік, Шымкент қаласында 3 сәуір күні коронавирус жұқтырған 1 жағдай тіркелген еді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды. Вирусты жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Сондай-ақ 4-сәуір күні Желтоқсан 3А мекен жайындағы көп қабатты үйлердің бірінде тұратын бір азаматтан коронавирус індеті анықталған болатын. Науқас бірден ауруханаға жатқызылып,қажетті емін алуда.
Індет ошағы анықталған көп қабатты үй маңында да емхана қызметкерлері тәулік бойы қызметте жүр. №13 емхана дәрігерлері аурудан сақтанудың ең тиімді жолы үйде отыру қажеттігін айтады. Сондықтан мамандар сіздің және айналаңыздағы туысқандарыңыздың саулығы үшін үйде қалуларыңыңызды сұрайды. Біз бірлігіміз бекем болып,қауіпті індетті бірге жеңеміз!
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»