Дүйсенбі, 06 Сәуір 2020 20:42

Шымкнтте COVID-19 вирусын жұқтырғандарға госпиталь салынуда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орынды аурухана құрылысымен танысты.

Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған.Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде кедергі болмауын жауаптыларға жүктеді.

Арнайы аурухана стационар, жансақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Және онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажет мамандар іріктеліп алынады. Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады. Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестірмек. Аталған госпитальдің қала аумағында қызмет етуі инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 537 рет