Сайрам ауданындағы Қарабұлақ елдімекені Көлкент ауылдық округіне қарасты Мәдени ауылының 74 жастағы (1946 жылғы) тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында стационарлық ем қабылдап, бүгінгі таңда толықтай дертінен айықты. Зейнеткердің «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы», «бронх демікпесі» секілді қосалқы диагнозы да болған. Еске сала кетсек, Түркістан облысында короновирустан емделгендер саны жетеуге жетті.
Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 55-ке жетті.
Сарыағаш қаласының 1974 ж. тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. 16 сәуір күні жұмыс бабымен Ресейден келген. Жақын байланыста болған 7 адам және отбасының екі мүшесі бақылауға алынды.
Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының 1994 ж. тұрғыны да 15 сәуірде Ресейден оралған. Ол да алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.