Науқас 3 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылған. Сонымен қатар республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген.
Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан, азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті, артериалды гипертензия. Сондай-ақ бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды. Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді. Ал, транзиттік көлікте науқаспен қарым қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»