Сейсенбі, 14 Сәуір 2020 19:17

Шымкент қаласында бір науқас коронавирустан қайтыс болды

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туған Түркістан облысы Қазғұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны.

Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен Қарағанды-Новосбір бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген екен58 жастағы азамат инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ аппаратына қосылған. Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия дертімен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған.

Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес жүргізілген. Өкінішке қарай, науқас азамат бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында реанимациялық бөлімде қайтыс болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылғанын айта кетейік.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 480 рет