Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 11:04

Шымкент: Дезинфекциялау жұмыстарына 600-ге жуық адам атсалысып жатыр

Бүгінге дейін қала аумағындағы 4 аудан бойынша залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі түрде жалғасады. 

Дезинфекциялау қала көшелерінде, көпқабатты үйлерде, аулаларда және жаяу жүргіншілер жолдары мен аялдамалар сынды қоғамдық орындарда атқарылуда. Шымкент қаласындағы залалсыздандыру жұмыстарына 50 автокөлік пен 600-ге жуық адам жұмылдырылған. Сондай-ақ 200-ге тарта әскери қызметкер қамтылған.

Айталық, Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы көпқабатты 672 үй, 2244 кіреберіс алаң және 400 ойын алаңы бар. Қазіргі таңға көпқабатты үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Осы орайда аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласуға болады. Тұрғындар сондай-ақ әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және Әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы өтініштері мен пікірлерін білдіре алады.

Егер өзіңіз тұратын шағынаудандағы, тұрғын алаптағы залалсыздандыру шараларын жүргізуге қатысты сауалдарыңыз болса, аудандық әкімдіктерге қоңырау шалып, дезинфекциялау жұмыстары туралы анықтауға болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 521 рет