Оның сөзіне сенсек, «Шымкент шаһарында құрылысы басталған 200 орынды модульдік инфекциялық госпиталь ең алдымен миллион тұрғыны бар қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Осындай жедел шешім қабылдау арқылы бұл құрылыс коронавирус инфекциясы «COVID-19» пандемиясының өршуін тоқтату мақсатында іске асырылып жатыр. Аурухана стационар, жансақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажет мамандар іріктеліп алынады. Модульдік госпиталь санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, қала құрылысы нормативтері мен архитектуралық заңнама толықтай сақталған. Бұл тұрғындарға қауіпті емес. Госпиталь инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады».
Лайым төтенше жағдай тұсында бой көтергелі жатқан бұл медициналық нысан өзін-өзі ақтап, қалың бұқараның денсаулығын сақтауда тиімділігін көрсеткей!
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.