Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 03:28

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 3 жағдай тіркелді

Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен «COVID-19» диагнозы нақтыланды. 

Біреуі – 2006 жылғы бала, екеуі – 1967, 1971 жылғы әйел кісілер. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясына шалдыққан 23 адам анықталды.

Осы ретте «NurOtan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы коронавирусқа қарсы күресті күшейту үшін енгізілген шектеу шараларының сақталуын бақылау жүргізу мақсатында Шымкенттегі бірқатар блок-бекеттер мен базарларда бақылау жұмыстарын жүргізді. Партиялықтар қаладағы Қапал батыр көшесінде орналасқан блок-бекетте көлік жүргізушілерінің қаншалықты карантин талаптарын орындап жатқанын бақылап көрді. Карантин талаптары орындамаған көп жүргізушілер кері үйіне қайтарылды. Сонымен қатар халық жиі тұтынатын тауарлардың бағасының тұрақтылығына талдау жүргізілді. Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес, барлық базарлар мен азық-түлік дүкендері сағат 10.00-21.00 аралығында жұмыс істеу керек екендігін ескертті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 572 рет