Жұма, 10 Сәуір 2020 02:42

Шымкентте екі күнде 7 жағдай тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус жұқтыруға қатысты 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде 4 жағдай тіркелді. Бұл науқастардың барлығы – вирус анықталған 48 жастағы әйел азамат пен 26 жастағы ер азаматтың тығыз байланыста болғандар. 

Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде. Ауруға шалдыққандар арасында 2 және 14 жасар 2 бала мен 23-55 жас аралығындағы 5 адам бар. Осы азаматтармен байланыста болған 81 адам оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге жабылды.

Шымкент қаласы бойынша қосымша 3 ошақ тіркелді. Олар: Солтүстік-Батыс шағынауданындағы Үшқиян көшесі, Қайтпас шағынауданындағы Алтай көшесі және Сайрам тұрғын алабындағы Әл-Фараби көшесі. Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 тұрғын тіркелген.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 482 рет