Ордабасы ауданының 2002 ж. тұрғыны, Кентау қаласының 1994 ж. тұрғынының соңғы талдама нәтижелері теріс көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, Арыс қаласының 1968 ж. 1988 ж. тұрғындары мен Арыс қаласының 2015 ж. сәбиі COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққаны белгілі болды.
Атап өтейік, Ордабасы ауданының азаматы вирусты Шымкенттен жұқтырса, қалған 4 азамат Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жетісай ауданының 1984 ж. тұрғыны мен Сарыағаш ауданы, Еңкелес ауылдық округінің 1998 ж. тұрғыны коронавирус індетінен толық айыққанын хабарлаған едік.
Айта кетейік, Түркістан облысында залалсыздандыру өткелдері орнатылуда. Түркістан қалалық және Сайрам аудандық орталық ауруханалар залалсыздандыру өткелдерін орнатқан алғашқы емдеу мекемелері. Дезинфекциялық дәліз қабылдау және босану бөлімдерінің кіреберістеріне орнатылған. Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.