Атап өтейік, олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген азаматтың жақын туысы болса, енді бірі 4 сәуір күні қайтыс болған жетісайлық тұрғынның жақын туысы.
Соңғы көрсеткіштерге сай, облыста індеттен жазылғандар саны 20-ға жетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жалпы, облыстағы медициналық ұйымдарда COVID-19 инфекциясымен күрес жұмыстары барынша қолға алынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві қаражаты есебінен барлық емдеу мекемелеріне медициналық бұйымдар, медициналық бетперделер, қолғаптар, дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдары жеткізілген.
Коронавирустық инфекцияны зерттеу және емдеу туралы клиникалық хаттамасының тізімі негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қоры бекітілген. Айта кетсек, коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарды емдеуге жатқызу үшін инфекциялық стационарларда 200 төсек орын дайындалған. Қауіпті індетке ұқсас клиникасы бар науқастарға арналған 640 төсек орындық провизорлық стационарлар бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.