«Апат айтып келмейді». Бұл – төтенше жағдайлар департаменті мамандарының алтын қағидасы. Сол себепті де кез келген мемлекеттік мекемедегі өртке қарсы талаптардың қатаң орындалуы – олардың негізгі міндеті. Бүгін де осы шараларды тағы бір пысықтап қойды.
«Короновирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында ел аумағында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты тұрғындардын үйде болуы міндеттелді. Осы себепті №7 емхана барлық қызметкерін 1-қабатқа түсіріп, науқастардың бір жерден ыңғайлы қызмет алуына жағдай жасап отыр» – дейді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Нұрмұхаммед Еркенұлы.
Ал №7 Шымкент қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Мархаббат Қошымбетова: «Біздің емхана бір ауысымда 750 азаматты қабылдауға қауқарлы. Сол себепті мұнда келушілердің қатары азайған. Дегенмен дене қызуы көтеріліп келген науқасқа фильтр кабинеті жасақталып, оны оқшаулау жұмыстары жасалған» - деп отыр.
Қалыптасқан жағдайға байланысты сала мамандары улы және табиғи газбен улану жайттарын болдырмау мақсатында электр және басқа да құралдарды пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Шара барысында олар мобильді автокөлікпен дауысзорайтқыш арқылы шектеу шараларын халыққа тағы бір рет жеткізді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.