Жұма, 10 Сәуір 2020 16:58

Шымкент: "Halyk Bank", «Kasрi Bank» пен «ҚазТрансГаз» қызметкерлері өз клиенттірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр

Шымкенттегі "Halykbank" бөлімшелері таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бөлімшелерде коронавирус індетінен сақтану шараларына қатаң көңіл бөлінген. 

Мәселен, Бауыржан Момышұлы көшесі мен 3 шағынаудандағы бөлімшелер клиенттер үшін арнайы кезек күтетін сақтық белгілерін сызған. Онда келушілер арасы – 2 метр қашықтықтан. Бұдан өзге бөлімшелер антисептик құралдарымен қамтылған. Бетперделік режим енгізілген.

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Шымкенттегі «KasрiBank» бөлімшелерінде сақтық шаралары күшейтілді. Онда клиенттердің қауіпсіздігі үшір әрбір 1,5-2 метр сайын арнайы жолақтар сызылған. Мәселен, 17-ші шағынауданда орналасқан "Kasрibank" пен "ҚазТрансГаз" АҚ төлем кассаларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, мекеме қызметкерлері індеттен сақтану жолдарын келушілерге мейлінше түсіндіріп жатыр.

Әлбетте, бұл шаралардың барлығы тұрғындардың денсаулығына нұқсан келмеудің алдын алуға бағытталған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 527 рет