Жұма, 10 Сәуір 2020 17:06

Шымкент: Төтенше жағдайға жауаптылардың өзі дезинфекциялық дәліз орнатты

Қауіпсіздік өзімізден басталады. Осыны ұстанған Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелеріне өздері дезинфекциялық дәліз орнатқан. Жеке құрам арнайы тапсырмадан келгеннен кейін міндетті түрде тепловизорлық тексерістен, сосын дезинфекциялық тазалаудан өтеді. 

Бұл құрылғыны мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілері өздері жасаған.  Өрт сөндірушілер таңертең жұмысқа кірісер алдында барлық сақтық кезеңдерден өтеді. Біріншіден, тепловизор арқылы дене температурасын тексертеді, екіншіден, арнайы дезинфекциялық сұйықтықпен қолдарын тазалайды, үшіншіден, дезинфекциялық дәлізден өтеді. Өрт сөндірушілерден түрлі аймақтарға, тіпті шақырту келсе, инфекция ошақтарына да баратынын ескерсек, бұл шаралардың жөні дұрыс-ақ.

«Бұл – әрбір жеке құрамның өздерінің сақтық шаралары үшін істеліп отырған шара. Әрбір тапсырмадан келгеннен кейін олар осы дезинфекциялық коридордан міндетті түрде өтеді» – дейді Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары Ерғали Бахаев.

Үлгі алатын-ақ тірлік!

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 495 рет