Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Мамандардың сөзіне сенсек, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде. Ауруға шалдыққан науқастардың жас аралығы: 10 және 11 жасар 2 бала, 54 және 58 жастағы 2 ересек азамат. Олармен байланыста болған 28 азамат анықталды. Барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша қосымша 2 ошақ тіркелген. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге алынды. Үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Атап өтер жайт, қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркеліп отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.