Анасының айтуынша, пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Кішкентай баласының белгісіз затты аузына салып, жұтып қойғанын көргенде, ойланбастан жедел жәрдемге хабарласыпты. Жедел жәрдем көмегімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың асқазанын дәрігерлер шұғыл түрде видеогастроскопия аппаратымен тексерді. Одан соң ауруханадағы білікті хирургтер Әкім Түлкібай және Асанбай Құрманалиевтың жетекшілігімен балақайға жабық ота жасалды. Мамандар асқазанда тұрып қалған шегені ота жасамай, эндоскопиялық жолмен алып шықты.
«Оған дер кезінде көмек көрсетілмесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін еді» дейді мамандар. Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Анасымен бірге үйіне шығарылып та үлгерді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.