2020 жылдың 11 сәуірі күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) 31 жағдайы тіркелген. «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені, бірінші ошақтан жеткізілген осы отбасының 2 мүшесінде зертхананың сынамалары теріс болып, олар бүгін үйіне шығарылды. Дәрігерлер «пациенттердің жағдайы жақсы» дейді. Дертінен айыққандар - 1970 жылғы және 1996 жылғы тұрғындар. Ал отбасының қалған 3 мүшесі медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік карантин аяқталғанға дейін қалады, себебі інісінен COVID-19 ауруы 12-күні анықталып, әкесімен, қарындасымен жақын байланыста болған.
Айта кетейік, қалған 28 адамның жағдайы тұрақты, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес емдеу жалғасуда.
Түркістан облысынан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына COVID-19 вирусына шалдыққан ауыр жағдайдағы 2 науқас ауыстырылды (48 және 60 жас). Олардың жағдайы бүгінгі күні тұрақты, динамиканың жақсарғаны байқалады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.