Дүйсенбі, 27 Сәуір 2020 12:24

Түркістан: COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 107-ге жетті

26 сәуірдегі соңғы  мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 1 азамат тіркелді,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласының 2000 ж. тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды.Аталған азаматпен  жақын байланыста болғандар анықталуда.Науқастың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны – 107.Атап айтқанда, Жетісай – 21, Ордабасы-8, Кентау қаласы – 9, Сайрам ауданы – 3,Мақтаарал-5, Арыс қаласы – 17, Түркістан қаласы-13, Бәйдібек-2,  Сарыағаш –16, Қазығұрт – 7, Созақ – 5, Түлкібас – 1.

Ал, Арыс қаласының 1970 ж. азаматы мен Жетісай қаласының 1983 ж.тұрғыны дертінен толық айығып, отбасына оралды.

Атап өтейік, олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген азаматтың жақын туысы болса, енді бірі 4 сәуір күні қайтыс болған жетісайлық тұрғынның жақын туысы. Соңғы көрсеткіштерге сай, облыста індеттен жазылғандар саны  20-ға жетті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат. 

 

Оқылды 516 рет