Олардан алынған сынама қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Айтып өтейік, 9 азаматтың барлығы да бір отбасы мүшелері. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері брифингте мәлім етті. «Бүгін дәрігерлердің арқасында қауіпті індетті жеңіп шыққан 9 адам үйлеріне шығарылды. Денсаулықтарына ешқандай шағым жоқ. Ал, олар қоныстанған Самал-1 шағынауданындағы Тайманов, Төреқұлов және Мақталы көшелері карантиннен алынды. Дегенмен, соңғы екі күн ішінде қаламызда коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам анықталып отыр. Олардың ішінде жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері де бар» - дейді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.
Айгүл Бекбауованың айтуынша, науқастармен байланыста болған 31 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған. Жалпы, Шымкент қаласында бүгінгі дейін вирустық инфекцияның 46 жағдайы тіркелген. Олардың 19-ы ерлер болса, 27-сі әйелдер. Науқастардың барлығының жағдай тұрақты, ауыр халдегісі жоқ, - деді мамандар. Қазіргі таңда 2000-нан астам адамнан тест сынамасы алынған. Ал, карантинге жабылған 15 ошақ бар екен.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»