«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдіреміз. Қазір отбасымыздан жырақта жүріп, науқастарға қажетті ем-дом жасап, көмектесіп жатырмыз. Жергілікті басшылық тарапынан медицина мамандары арнайы жатақханамен қамтылған. Оған қоса еңбегімізді елеп, қаржылай қолдау білдіргені осындағы барлығымызды зор қуанышқа кенелтіп отыр, - дейді Шымкент қалалық жұқпалы ауруханалар ауруханасының медқызметкерлері.
Жалпы, Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкері үстемеақы алды. Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 24 қызметкерге 8,7 млн. теңге бөлінді. Екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшелерге, 845 медицина мамандарына 258,3 млн. теңге бөлінді. Үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 421 медицина ұйымының қызметкеріне 51,3 млн. теңге бөлінді.
Айта кетсек, үстемеақы алғандар – реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.