Шара барысында жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелерімен дабыл қағып жүріп өтті. Осы акция арқылы жедел жәрдем мамандары қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды. Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, Нұрсәт шағынауданы және Арғынбеков, Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан, Республика даңғылы арқылы жүріп өтті. Жалпы акцияға 30 жедел жәрдем көлігі мен 100-ге жуық медицина маманы қатысты.
Денсаулық сақтау министірлігінің бастамасына үн қосқан медицина мамандары осы акция арқылы қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды. Қазір әлем халықтары қауіпті індетпен күресудің оны алдын-алып ауыздықтаудың жолын ешкіммен қарым-қатынас орнатпай, үйде қалумен байланыстырып отыр. Сондықтан жедел қызмет ететін мамандар халыққа осылайша үндеу жасады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.