Дертінен сауыққан жігіттен дәрігерлер 6 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтап, 24 жастағы азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 23 сәуір күні ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 18 науқас дертінен айығып шықты.
Орайы келгенде айта өтейік, 2020 жылғы 20 сәуір күні «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен Шымкентке «TENGIZCHEVROIL» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі – қала тұрғындары.Аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Олармен байланыста болған 64 жолаушының барлығы карантиндік станционарға жатқызылды. Сондықтан вирус анықталған азаматпен бір рейсте ұшып келген жолаушылардың денсаулығы және қауіпсіздігі ескеріліп, олар 14 күндік станционарда болады. Ал ұшақта болған көршілес өңірлердің тұрғындары өз мекенжайлары бойынша медициналық бақылауға алынған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.