Сенбі, 25 Сәуір 2020 18:55

Шымкентте төрт науқас коронавирустан жазылып шықты

Бұл жөнінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр. 

Сауығып шыққан азаматтың үшеуі де – бір отбасының мүшелері. Олар – 1996 ж., 1994 ж. және 1970 жылғы қала тұрғындары. Бұл отбасының мүшелерінен дәрігерлер 4 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған болатын. «Үш аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастардың жағдайы жақсы», - дейді мамандар.

Сонымен қатар дертінен сауыққан тағы бір әйел азамат – 1964 жылғы қала тұрғыны. Бұл науқастан дәрігерлер 8сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған еді.Төрт азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық крусын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті.Олар 25 сәуір күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 науқас дертінен айығып шықты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 497 рет