Демеушілер есебінен жиналған 25 млн теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен қалалық №2 аурухана, «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталығында карантин режиінде тоқтаусыз еңбектеніп жүрген медицина мамандарына беріледі. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында 2126 медицина мамандарына үстемақы төленді.
Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істеген 24 қызметкерге - 8,749 млн, екінші санаттағы жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшелерге және өзге де 977 медицина маманына 294,848 млн теңге бөлінді. Ал, үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 1126 медицина маманына 91,166 млн теңге қаралған. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда жалпы саны 3226 дәрігер мен 8493 орта буынды медицина маманы күн-түні жұмыс істеп жүр.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»