Жұма, 01 Мамыр 2020 13:01

Түркістан: 5 науқас індеттен айықты

1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5  азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті,-деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісай ауданы, Асық ата кентінің  1971 ж., 1980 ж., 1970 ж., 1990 ж., азаматтары және Жетісай қаласының 2005 ж. тұрғыны коронавирус дертінен айығып отбасыларына оралды.

Олардың барлығы инфекция жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған.

Мәліметке сәйкес, науқастар КВИ расталған жағдай диагнозымен ауруханада ем алған. Аталған азаматтар қазіргі таңда толық жазылып, ауруханадан шықты.

Осыған дейін 30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екені белгілі болды.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша бүгінге дейін 43 адам коронавирус инфекциясынан жазылған. Бұл сан күн санап артып келеді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 609 рет