«COVID-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтарды тексеру барысында Арыс қаласының 1969, 2011, 2009, 2014 жылғы тұрғындарынан, Кентау қаласының 1990 жылғы, Түркістан қаласының 1994 жылғы тұрғынынан табылды. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданының 1967 жылғы азаматшасынан алынған сынама да оның вирусты жұқтырғанын көрсетті»,-делінген Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы.
Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда, аталған науқастармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, осы кезде Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 162 адамды құрап отыр, оның ішінде жазылып шыққандары — 52 адам.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.