Мал бағып табыс тауып отырған шымкенттік шаруалар мемлекеттен қаралған бұл көмекке дән разы. Солардың бірі ақжарлық шаруа Талғат Бағланбаев. Мамандар қарияның қора-қопсысын түгел залалсыздарып берді. Бес алты малын айналдырып отырған ауыл тұрғыны дизинфекциялық жұмыстарды өз қаржысына жүргізуге шамасы келмейтін еді. «Балдарға рахмет жылда келіп тазалап тұрады. Қорамыз таза боп қалады. Ауылда тұрамыз 4-5 мал бар сиыр бар кішкене шаруамыз осы. Дәрігерлер уақытылы укол салып тұрады ауруға қарсы» - дейді Ақжар ауылының тұрғыны Талғат Бағланбаев.Мегаполистегі Абай ауданында ауылшаруашылығына ыңғайлы 33 елдімекен бар. Ондағы тұрғындар ауласында ірі қара мен уақ мал ұстап ағарғаны мен азығын ажыратып отыр. Аудан бойынша 21 880 жылқы сиыр мен 40 800 бас қой ешкі бар. Мамандар кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жылына екі рет жүргізеді.
«Бүгінгі таңда біздегі Көкбұлақ, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Жаңаталап, Алтынтөбе, Ақтас, Ақжар елдімекендері бойынша залалсыздандыру бойынша жұмыстар аяқталды. Жылда екі рет конго қанды қызбасына қарсы жұмыстар жүргізіледі. Залалсыздандыру алдында міндетті түрде қора жайлардың барлығыда механикалық тазалау жұмыстары жүргізілу керек» - дейді Шымкент қаласы Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Садығалиева. Залалсыздандыру жұмыстары бұған дейін Шымкенттегі мал жайылымдары мен буферлік аймақтарда жұргізілген. Нәтижесінде Конго, Қырым қызбасы ауруларына қарсы 6 250 000 мың шаршы метр жер Дельтапес дәрісімен шаңдалды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»