Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 12:11

Шымкенттегі жұмысын бастаған нысандарда санитарлық талаптар қатаң

Төтенше жағдай мерзімі тоқтағаны шымкенттік кәсіпкерлерге оңтайлы болып тұр. Апта басынан бері көптеген бизнес нысандар қызу жұмысқа кірісіп кетті. Десек те карантин тәртібі әлі тоқтаған жоқ. Қала санитарлары қайта қосылған жұмыс орындарына мониторинг жүргізуде. 

Шымкенттегі Қаратау ауданында шағын және орта кәсіп қарқынды дамыған. Әсіресе, тұтынушыларға күнделікті қызмет көрсететін шағын орталықтардың саны басым. Ауданда 23 көлік жуу орталығы бар. Ол жерлерде 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Бизнеске шектеу жоқ. Тек ғана санитарлық талаптар сақталса болғаны.

«Бұлар №16 қаулыға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін жұмыс істейді. Бірақ қатаң талаптарды сақтай отырып ісін жалғастыра алады» – дейді Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Пернеева.

Мамыр айының 4-нен бері қаладағы моншалар да жұмысын бастады. Солардың бірі – Қаратау ауданындағы «Фатима» монша кешені. Әзірге жеке кабиналар ғана іске қосылған. Соның өзі қайта жұмысқа кіріскен монша ұжымына серпін беріп отыр. 

«Келушілер саны бұрынғыға қарағанда аз. Көп адамдық бөлімдер жабық. Барлықсақтықшараларынжүргізіпжатырмыз» –«Фатима» моншакешенініңісбасқарушысыЕрмұхамедОңғарбаев.

Төтеншежағдайданкейінқайтажұмысынбастағанкәсіпкерлергетәртіпортақ. Еңбастысы, қарапайымсанитарлықталаптарсақталуыкерек. Қатаңтәртіпмегаполистегіахуалдыңжақсаруынаоңықпалетеріанық.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 462 рет