Жұма, 22 Мамыр 2020 14:41

Шымкентте COVID-19 инфекциясын анықтайтын зертхана тәулік бойы жұмыс істейді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық базасындағы зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда медицина мамандары 24 сағат бойы полимеразды тізбектік реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізеді. 

Атап өтер жайт, бұл орталықта COVID-19 инфекциясына күдікті науқастарға және олармен байланыста болған азаматтарға, сырттан келген жолаушылар мен арнайы топтағы тұлғаларға зертханалық тексеру ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты халыққа зертханалық қызметтер көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін мұнда 2 ауысымдық (12 сағаттан) жұмыс ұйымдастырылып отыр. Аталған жұмысқа бас-аяғы 8 қызметкер тартылған. Оның ішінде 3 зертхана маманы мен 3 зертханашы, сонымен қатар 2 кіші медициналық персонал бар. Мамандар мәселенің маңыздылығыа жіті назар аударып, мейлінше аса жауапкершілікпен жұмысын атқарып жатыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 998 рет