Жексенбі, 24 Мамыр 2020 16:26

Шымкенттік медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғы тарту етілді

Шымкентте коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді. Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлерін қолдауға бағытталған. Игі іс-шараға мұрындық болған компания атынан қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына, №2 оңалту орталығынажәне «Мейірім» оңалту орталығына замануи үлгідегі “Therapy Air ® iOn” ауа тазартқыш қондырғысы берілді.

Бұл жоғары технологиялық құрал бөлме ауасын таза және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін заманауи технология негізінде жасалған. Аталған медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға емдеу іс-шараларын жүргізеді. Халықаралық компания коронавирус инфекциясымен күресте зор үлесін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тапқан екен.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 990 рет