Өкінішке қарай, бүгінгі таңға дейін пандемиядан 6 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады. Бір тәуліктегі өсімі 6,3 пайызды құрады.
COVID-19 вирусының 22-сі – сырттан келгендер, 359-ы – науқастармен қатынаста болғандар, 225-і жергілікті жерден шыққан. «COVID-19» жұқтырғандардың 12 пайызы (74) – балалар, 88 пайызы (532) – ересек азаматтар. Емдеудегі 388 науқастың 302-і немесе 78 пайызының жағдайы жеңіл, 11-інің жағдайы ауыр, орташа жағдайдағысы – 75 адам. Барлығы қалада 260 карантиндік ошақ тіркелген. Бүгінгі күнге 132–сі – бақылауда. Қалада инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімдік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.