Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты. Науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді дейді мамандар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Медицина қызметкерлері бұл аппараттарды жай-күйі ауыр науқастарды емдеудің барлық кезеңінде де қолдануға қажет болатынын алға тартуда.
Айта кетейік, Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығында коронавирус және пневмония дертінің ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алады. Індетпен күрестің алғы шебінде жүрген орталық дәрігерлері күні-түні аянбай еңбек етуде.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.