Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020 11:55

Шымкент: "КАТКО" компаниясы жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады

 Шымкент қаласындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына “КАТКО» Қазақстан-француз бірлескен компаниясы 3 жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті.

Аталған компания атынан берілген бір аппараттың құны — 15 млн 250 мың теңге. Бұл медициналық аппараттар пневмония және коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«КАТКО-Демеу» корпоративтік қорының Бас директоры Тағабек Жанксиевтің айтуынша ИВЛ аппараттарын Оңтүстік Кореядан арнайы тапсырыспен алдырған.

– «Birgemiz» жобасын қолдау мақсатында осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. Пандемия кезінде баршамыз жұмыла іс атқаруымыз қажет, — дейді кәсіпкер. Аурухана бас дәрігері Бақтығали Ережепов ұжым атынан құрал-жабдықтарды медициналық мекемеге жеткізіп берген кәсіпкерге алғысын білдірді.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында пневмония және коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар ем алады. Бүгінде мұнда эпидемиялогиялық ахуалдың жақсаруына байланысты ауруханадағы төсек-орындардың 80 пайызы бос тұр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 396 рет