Дүйсенбі, 24 Тамыз 2020 18:32

Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады

Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын.

Бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босады. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеді.

Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 25 мыңға жуық науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.

Айта кетейік, 24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 - симптомды, 2530 - симптомсыз.

Қалада вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары, оның ішінде шектеу шаралары оң нәтижесін беруде. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынындығын, қауіптің әлі де сейілмегенін ескертуде. Оған қоса мамандардың алдағы күз айында жаңа толқынның болу мүмкіндігі жайлы дабылын ескерсек, санитарлық нормаларды мейлінше қатаң түрде сақтап, карантин талаптарын ұстану қажет.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 489 рет