– Мемлекеттік медициналық ұйымдардың компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі 75%-ды құрайды. «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» ЖШС-і мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 1901 компьютер мен 674 принтерді жеткізуді бастады. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 220 компьютер, 160 принтер жеткізілді. Яғни, қаладағы медициналық ұйымдар 1 қазанға дейін 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі, – деді Ғ.Әбішев.
Ғалымжан Мотайұлының айтуынша, қаладағы 32 мемлекеттік және 72 жеке меншік медициналық ұйым «Сақтандыру» ақпараттық жүйесімен 100% интеграцияланған. Ал медициналық ұйымдар электрондық денсаулық паспорттарын 1 037 253 адамға (97%) толтырған. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау үшін 38 терминал (100%) орнатылған.
Брифинг барысында Ғалымжан Әбішев: «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға бекітілмеген 28 126 адамның 2020 жылғы 4 қыркүйегінде 4 083 адам емханаға тіркелген, қайтыс болғандар – 6657 адам, басқа елге тұруға кеткендер – 10 750 адам, ал тіркелмегендер 5 276 адамды құрады. Тіркелмеген 5 276 адамды анықтау үшін емханалар тарапынан үй аралау жұмыстары жалғасуда. Бекітілмеген Халық бойынша ведомствоаралық мемлекеттік мекемелердің ақпараттық базаларымен (Е-Халық, «Оралман» АЖ, «әлеуметтік мәртебені анықтау» АЖ және т.б.) тексеріледі. Сонымен қатар, емханалар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде» деп, сөзін түйіндеді.
Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде, халықты ақпараттық түсіндіру 684 932 адамды құраған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат