Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020 22:04

Шымкент: Шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін ұзартылды

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық ахуал және жаңа Қаулы бойынша өткен брифингте Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы Жұмабек Ержанов мәлімдеді.

– Халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шаралары 2020 жылы 14 қыркүйектен 2020 жылдың 28 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Осы орайда жаңа Қаулыда жеңілдету шаралары қарастырылды, – деді Жұмабек Анашұлы.

№37 Қаулы төмендегідей:

Сағат 06:00-ден 18:00-ге дейінгі уақытын шектеумен ашық алаңда жұмыс істейтін азық-түлік және киім базарларының қызметін қоспағанда, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары) жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылды;

СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылды;

Жұмыс және демалыс күндері жұмыс режимін уақытша шектей отырып, бір мезгілде жобалық сыйымдылықтан 50%-дан аспайтын келушілердің қатысуымен бассейндерді іске қоса отырып, моншалардың, сауналардың жұмысын ұйымдастыру сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша), сонымен қоса Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері сауналардың жұмыс істеуіне тыйым салынды;

Қоғамдық көліктердің жұмыс күндері (дүйсенбі — жұма) және сенбі, уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеліп, жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды. Қоғамдық көлікте бетперделердің тағылуы, жолаушылардың толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалану керектігі ескертілді.

Айта кетейік, бүгінде қалада эпидемиологиялық ахуал қалыпты жағдайда. Мәліметке сүйенсек, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы бен 13 қыркүйегі аралығында коронавирус инфекциясымен 5183 жағдай тіркелген.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

 

 

Оқылды 515 рет