Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020 22:20

Шымкент: Коронавирусқа қарсы медициналық оқу-жаттығу жұқпалы аурулар орталығында жалғасты

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтуде.

Солардың бірі Асар шағынауданындағы қалалық Жұқпалы аурулар орталығында жалғасты.

Оқу-жаттығу барысында науқастың шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стационарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан аяқ алгоритіміне баса назар аударды. Бұл қабылдауды дəрігер Гүлнар Исабаева жүргізді.

Жаттығу кезінде сөз алған қалалық Жұқпалы аурулар орталығының аға дəрігері Шырымбек Бекенұлы: «Дəрі-дəрмек толық қамтамасыз етілген. Оттегі аппараттары жеткілікті. Ал бүгінгі оқу-жаттығу — болжамды толқынға дайындық. Мұның маңызы зор» деп, өз пікірін білдірді.

Оқу-жаттығудың мақсаты — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.

Айта кетейік, іс-шараға инфекциялық және провизорлы стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысуда. Оқу-жаттығу жұмыстары 36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылуда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 514 рет