Аягөз Ахметова – жоғары санатты дәрігер. Тәжірибелі маман әрдайым өз біліктілігін арттырып келеді.
Аягөз Әлімбайқызы бүгінде Шымкент қалалық №2 ауруханасында (бұрынғы фосфор) гинекология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Білікті дәрігер бір айдың өзінде жүктілік кезінде қауіпті ауруға шалдыққан 100-ден аса әйелді емдейді.
Мұнан бөлек, гинекологиялық патологиясы бар науқастарға күрделі ота жасап, емдеу шараларын жүргізеді. Осылайша білікті гинеколог аналардың денсаулығын нығайту, сол арқылы дені сау ұрпақты дүниеге келтіру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
14 жылдан бері медицина саласында еңбек ететін дәрігер үнемі ізденіс жолында. Өз біліктілігін жетілдіруді басты міндеті санайды.
А. Ахметова еңбегі еленіп, бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталды. Аналар денсаулылығын нығайту, жалпы медицина саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген дәрігердің әлі де алар асуы мол деп білеміз.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат