Дүйсенбі, 25 Маусым 2018 11:43

Шымкенттіктер алғаш рет «ONTUSTIK FASHION WEEK 2018» байқауының куәсі болды

Шымкентте алғаш рет «ONTUSTIK FASHION WEEK 2018» байқауы өтті. «Үздік» атану және ақшалай сыйлыққа ие болу үшін ең жас және дарынды дизайнерлер өзара бақ сынасты.

Сахнаның артында қатысушылар толқып жүрді, бұл түсінікті! Себебі Шымкентте мұндай жас дизайнерлерді қолдау конкурсы алғаш рет өткізіліп отыр. Ине-жіп шеберлерінің ең үздігіне берілетін басты силық - 500 мың теңге. Облыстың 25 дизайнері зз жұмыстарын көрсетуге шешім қабылдапты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 14 жастан асқан кез келген тігінші қатысуға өтініш бере алады. Ұйымдастырушы Береке Дүйсебеков барлық киімдер тек отандық материалдардан жасалғанын атап өтті. Қатысушылар тіккен дүниесін ғана емес, сондай-ақ зергерлік бұйымдарды да ұсынды. «Біздің барлық қатысушымыз жергілікті өнімдерді қолданатын осы өңірдің жас дизайнерлер екенін және біз жеңімпаздарымызды «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығына жіберуді қалап отырмыз. Бұл аймақтың ең үздік дизайнерлерін таңдауға көмектеседі», - дейді ол.

Үздіктерді таңдау сән саласындағы тәжірибелі мамандардан тұратын қазылар алқасына тапсырылды. Дизайнерлерді таңдау 4 бағыт бойынша өтті, ерекше назар этно-стильге аударылды. 27-жастағы дизайнер Әділ Әбішевтің айтуынша, заманауи стильдер ұлттық өрнектермен және әшекейлермен тығыз байланыста, бұл тек жаңа үрдіс емес, сонымен бірге қазақ мәдениетінің барлық байлығын көрсету мүмкіндігі. Әділ болашақта қыздар мұндай киімдерді тек подимударда емес, күнделікті өмірде киіп жүрсе деп армандайды.

«ONTUSTIK FASHION WEEK 2018» дизайнерлерді өздерін әртүрлі стиьде көрсетулеріне мүмкіндік берді. Үлкен сән апталығына 50-ден астам модель қатысты. Ұйымдастырушылар талантты шеберлердің киімдерін жаппай сатылымға шығаруға көмектесуді жоспарлап отыр.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

 

 

Оқылды 10710 рет