Сенбі, 21 Шілде 2018 10:14

Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

Осы аптада Шымкент қаласына «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы іс-сапармен келді. Бұл сапар барысындағы басты жаңалық деп Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып сайланғанын айту керек.

Мәулен Сағатханұлы алдымен «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында ашылған Шымкенттегі «Отырар» кітапханасының коворкинг орталығына барды, және де бұл орталықтың жұмысына жоғары баға берді. Одан кейін Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске қосылған №37 «Айгерім» балабақшасының жұмысымен танысты.

Бұдан соң Мәулен Сағатханұлы «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен XXXIV конференцияға қатысты. Конференцияда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. Мәулен Сағатханұлы 12 жыл «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы болған Өмірзақ Мелдеxановқа алғыс айтты.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 11252 рет